Президент БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісін қабылдады
Ақорда
Мирослав Енча елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
18.11.2026 08:13
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40