|
17.04.2023 | 19:23
769

Елімізде барлық жанармай құю бекетінде бензин қымбаттады

Үкіметтің бұйрығы күшіне енді

Елімізде барлық жанармай құю бекетінде бензин қымбаттады qyzylqoga.kz

Еліміздің барлық жанармай құю бекетінде бензин жаңа бағада сатылып жатыр. Үкіметтің осыған қатысты бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

180 теңге шамасында саудаланып келген АИ-92, АИ-93 маркалы бензин 11 пайызға өсіп, 205 теңге болды. Ал АИ-95-тің бір литрі 230 теңгеге көтерілді. Дизель құны бірден 20 пайызға шарықтап, 295 теңгеден сатылып жатыр. 

Бағаны ары қарай өсірмей, тұрақты ұстап қалу үшін не істеу керек? Қазір осы және өзге де сұрақтарға экономист-сарапшы Асылбек Үсенұлы жауап берді.

Асылбек мырза, қайырлы кеш! Бұған дейін Үкімет мұндай қадамға ішкі нарықты тұрақтандырып, көрші елдердегі баға айырмашылығын азайту мақсатында барғанын айтқан болатын. Енді бұл елдегі азық-түлік пен логистиканың қымбаттауынан бөлек, тағы неге әсер етуі мүмкін?

– Қайырлы кеш, «Алматы» телеарнасының көрермендері. Қазіргі жанар-жағармай бағасының өсуі тек азық-түлік бағасына әсер етіп жатқан жоқ, сонымен қатар, басқа да салаларға әсер етті. Оның ішінде қызмет көрсету, өндірістік сала, кәсіпорын барлығына баға әсер етеді. Қазір 92 маркалы бинзинді қолданып жүрген жүргізушілер газға ауыса бастады. Мәселен 10 такси қызметкері болса жартысынан көбі АИ-92 емес, газге ауысуды жоспарлап жатыр. Бұл олардың табысының үлесін арттыруға алып келеді. Біздің нарықта газға деген тапшылықтың алдын-алуды қазірден бастап ойлауымыз керек. Бір тапшылықтың орнын толтырамыз, мәселесін шешеміз деп екінші тапшылыққа жол беріп алмауымыз керек – деді экономист-сарапшы Асылбек Үсенұлы.

– Жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бинзин құны 205 теңге болса, АИ-95-тің бағасы 220-230 теңгенің аралығында. Айырмашылық бар болғаны 15-20 теңге. Бензин сапасы түсіп кетпей ме?

– Өте үлесі аз болады. Неге себебі, халықтың табысы еш өзгерген жоқ. Жанар жағармайдың бағасы өсіп жатыр. Бірақ халықтың табысы сол қалпы. Сәйкесінше, жанар-жағармайға деген сұранысы еш өзгеріссіз қалмауы мүмкін емес. «Бағада айырмашылық 20-25 теңге» деп жүргізуші ойламайды. Оның артық ақша жұмсауға қосымша табысы жоқ. Сондықтан да бұл тұтынушылардың 95 маркалы бинзинге жаппай көшуеді деген сөз емес – деді экономист-сарапшы Асылбек Үсенұлы.

– Көлік жүргізушілері жанар-жағармайды жаңа бағада сатып алып жатыр. Ал осы бағаны тұрақтандыру үшін қандай қадам жасалуы керек?

– Қазір жанар-жағармайды бағасының көтерілуі жыл сайынғы үрдіске айналды. Енді біз осы үрдісті ары қарай жалғастырмауымыз үшін тұрақтылыққа келуіміз керек. Ол үшін жанар-жағармайдың экспорт үлесін азайтуымыз керек. Екіншіден, жанар-жағармай өндірісін ішкі сұранысқа сәйкес өндіруді қолға алуымыз керек. Үшіншіден, бізде белгілі бір пайыздық бөлігі Ресейден импортталатын болғандықтан сол импорттың көлеміне де бақылауды күшейтуіміз керек – деді экономист-сарапшы Асылбек Үсенұлы.

Бұған дейін Үкімет мұндай қадамға ішкі нарықты тұрақтандырып, көрші елдердегі баға айырмашылығын азайту мақсатында барғанын түсіндірген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир