|
26.03.2019 | 15:02
8646

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

Тұңғыш Президентті Алматы әуежайында жастар салтанатты түрде қарсы алды

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

Алматылық жастар Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Олар Елбасыға жастарға деген шексіз қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын жаудырды. Және Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға қаланың барлық жоғары оқу орындарынан екі мыңнан астам студент қатысты. Жастар тұңғыш президентке гүл шоқтарын сыйлап, әннен шашу шашты. Ұшақтан түскен бойда, мұндай ерекше көріністі күтпеген Нұрсұлтан Назарбаев, тосын кездесу ұйымдастырып, қуаныш сыйлаған жастарға рахметін айтты. Әрі Елбасы өз кезегінде, жастарды жаңа Президентті қолдауға шақырды.

Айта кетсек, Алматыда жастарды қолдауға барынша жағдай жасалуда. Қалада екінші жыл қатарынан жастар арнайы тұрғын үй бағдарламасымен алғашқы жарнасыз-ақ, 5% несиемен жеңілдетілген ипотека алуда. Елбасының тапсырмасы бойынша шаһарда былтыр бірнеше жатақхана ашылды. Биыл тағы 2 680 орынды 5 жатақхана салу жоспарланған. Сондай-ақ, Тұңғыш Перзиденттің «Бес әлеуметтік бастамасы» арқылы қалада білім гранттары 1,5 есе өсіп, 28 мың грантты құрады.  

«Қазақстанда 140-тан астам ұлт тұрады. Бәріміз тату-тәтті өмір сүріп, өз тілімізді, өз салт-дәстүрлерімізді дамытқанымыз үшін, сол мүмкіндікті біздерге бергені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді», – дейді студент Турал МАМЕДОВ.

«Елде соғыс жоқ, тыныштық. Қайғы жоқ, қасірет жоқ және 50 дамыған елдің қатарына қосыламыз деп жатырмыз. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы бар, жастарға бүкіл жағдай жасалған», – дейді тағы бір студент Сандуғаш ӘЛІК.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир