|
07.03.2019 | 13:49
5547

Елбасы: «Әлемді ана мейірімі сақтап тұр»

Бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев бір топ әйелдер қауымымен кездесіп, мерекемен құттықтады

Елбасы: «Әлемді ана мейірімі сақтап тұр» МИА «Казинформ»

«Әлемді ана мейірімі сақтап тұр». Бүгін Ақордада бір топ әйелдер қауымымен кездескен президент Нұрсұлтан Назарбаев дәл осылай деу арқылы қоғамдағы көпбалалы аналардың рөліне баса назар аударды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тіпті, аналарға берілген жүк аспандағы ұшақтарды басқаратын бірнеше әуе диспетчерлерімен бірдей дегенді алға тартты. Ананың шексіз құдіреті жайлы сөз қозғап, ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқтап, бітімге келгенін еске сала кетті. Мемлекет басшысымен кездесуге кәсіпкер әйелдер, танымал әртістер, ақын, құқық қорғаушы қыз-келіншектер және көпбалалы аналар келіпті.

«Орта есеппен, бізде бір отбасыда үш баладан бар. Ал бір жылда Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Балалар қашан да байлық, бүкіл отбасының мақтанышы ғана емес, ел үшін құнды капитал. Сондықтан аналарымызға, әсіресе, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіп, алғыс айтуымыз керек. Бұл зор еңбек. Олар бүтін бір халықтың игілігін арттыру арқылы ана ерлігін жасап жатыр», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алты баланың анасы Мәншүк Мәмбетова – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті. Екі жақты да қатар алып жүруіне үйдегі ата-енесі қолғабыс етіп жатқанын айтады. Бес қызы мен бір ұлын тәрбиелеуде олардың ата-әжесінің рөлі зор дегенді жеткізді көпбалалы ана.  

«Мен өзім анамын ғой. Сондықтан енді ана ретінде мен көбірек ана ретінде балабақшалар салынса деп ойлаймын. Мысалы, өзіміз тұрып жатқан үйдің айналасында балабақша да, мектеп те болса, қандай ғанибет болар еді. Көмекті шын мәнісінде, сол зәру отбасыларына беру керек. Сондықтан дәл қазіргі қабылданған бағдарламалар бойынша тағайындалатын көмектер өте орынды деп ойлаймын», – дейді көпбалалы ана Мәншүк МӘМБЕТОВА.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир