ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетерлігі, Ақордаға келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алып, алдымен Қазақстан делегациясының мүшелерімен таныстырды. Содан кейін Мажарстан делегациясының мүшелерімен танысты. Одан әрі екі елдің мемлекеттік Әнұрандары ойналды.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы жеке кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің өтетіндігі жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан БАҚ өкілдеріне арнайы бірлескен мәлімдеме жасайды.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездескен болатын. Екі жақты кездесу бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.