|
15.06.2020 | 13:53
7410

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты журналистер арасында халықаралық байқау жарияланды

Байқаудың сыйақы қоры 11 000 000 теңге

 «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты журналистер арасында халықаралық байқау жарияланды Фото : ESSOR Gestion Du Patrimoine

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Кітапханасы баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға халықаралық шығармашылық ашық байқау жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқаудың мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, қазақстандық мемлекеттіктің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал» (телевизиялық очерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір, деректі фильм);

2) «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);

4) «Ғаламтордағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, әлеуметтік желілерде хабарламалар);

5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған материалдар).

Байқаудың сыйақы қоры 11 000 000 теңге. Әр номинация бойынша байқау жеңімпаздарына 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 700 мың және 500 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Байқауға жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады.

Байқау 2019 жылғы 10 қазан мен 2020 жылғы 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Комиссия Байқауды қорытындылайды.

Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Байқауға қатысу өтінімдері 2020 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында сканерленген форматта presidentlibrary.pr.kz@gmail.com поштасына «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: +7 (7172) 69-30-51, 69-30-56, 69-30-57.

Байқауды өткізудің шарттары мен мерзімдері туралы толық ақпаратпен fpp.kz  немесе  presidentlibrary.kz сайттарында танысуға болады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир