Митингке қатысушылар Президенттің саяси реформалар бағдарламасын қолдайтынын білдірді

AMANAT партиясының Тelegram каналынан
AMANAT партиясының Тelegram каналынан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы алаң маңында AMANAT партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен келісілген митинг басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Митингке қатысушылар Президенттің саяси реформалар бағдарламасын  қолдайтындықтарын  білдіруде. 

Солардың бірі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен ел Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауында жарияланған  саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өз ойын айтты.

«Жаңару – Жаңа Қазақстанның талабы. Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Nur Otan партиясының атауы AMANAT деп өзгертілді. AMANAT халық мұрасын сақтаушы партия. Бұл бас партияға артылған міндет. Ал рухани құндылықтарымызды сақтау – басты аманат», – деді ол.

«Қазақстанда саяси реформалар өзекті әрі маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беру және сайлану құқығын қолдана алуы тиіс. Демократияға, пікірлер плюрализміне балама жоқ», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров . 


«Президентіміз Қ. Тоқаев жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар ҚР Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол. Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. AMANAT партиясының дүниеге келгені осының көрінісі. Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты. Ал жаһандану тұсында арман мен аманат ақиқатқа айналу үшін елдегі ынтымақтан, келісімнен, кемел үнқатысудан артық дүние жоқ»,  – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді ӘБЖАНОВ.



«Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз – көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз! Басқа партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істейміз! Ардақты ағайын, Абай атамыздан қалған аманат сөз бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Біз біргеміз!» – деді AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.


Новости партнеров