Ақпарат министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Валерий Бугаев
l
Фото: Валерий Бугаев l
Маусым айында Данияр Есин мен Ғабидолла Оспанқұлов вице-министр қызметінен босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет қаулысымен Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, осы жылдың мамырында ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығына Аида Балаева келді. Маусым айында Данияр Есин мен Ғабидолла Оспанқұлов вице-министр қызметінен босатылды.  

Министрдің жаңа орынбасарлары болып Кемелбек Ойшыбаев пен Болат Тілепов тағайындалды.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы ЕҰУ-де әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

2013-2016 жылдары — Еуразия ұлттық университеті протокол бөлімінің аға маманы.

2014 жылдан 2016 жылға дейін — "Nur Otan" партиясы "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 жылдары — "Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының міндетін атқарушы.

2017-2018 жылдары — "Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтарынан тамызға дейін —  дін және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры.

2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2019 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Новости партнеров