|
10.01.2022 | 14:10
4183

Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Діни радикалдар, қылмыстық элементтер, бандиттер, тонаушылар пайда болды – Президент

Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды – Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаскөйлер Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент ҰҚШҰ саммиті барысында мәлімдеді.

"Діни радикалдар, қылмыстық элементтер, бандиттер, тонаушылар пайда болды. Қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік-саяси талаптар екінші, үшінші жоспарға айналды, олар ұмытылды. Кейін өз сәтін күтіп жүрген қарулы содырлар әрекетке кірісті. Олардың басты мақсаты анықталды - конституциялық қалыпты бұзып, басқару институтын тарату, билікті қолына алу. Біз мемлекеттік төңкеріс әрекеті туралы айтып отырмыз. Бұл әскери әрекеттерді бір орталық бақылап отырған. Алдын ала бәрі жоспарланған. Бұған ғимараттарға бір уақытта шабуыл жасағандары дәлел бола алады", - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир