Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындары уақытша қалаға көшіріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізу барысында мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеңес барысында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы карантинге дайындау, қорықтар орналастыру, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тұру үшін ресурстар туралы баяндама оқыды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы ірі мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешуге ерекше назар аударуды тапсырды. Қаладағы азық-түлік бағасының негізссіз қымбаттап кетпеуі де қатаң қадағаланатын болады. Аз уақытта Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп Алматыда жұмыс істейтін аймақ тұрғындарының қозғалыс мәселелері де пысықталады.