|
10.03.2023 | 14:27
1924

ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді құттықтады

Президент Қытай Төрағасының игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі

ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді құттықтады kursiv.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Өткен «екі сессия» қорытындысы бойынша қабылданған маңызды шешімдер мен Сіздің парасатты саясатыңыз халқыңызды биік құндылықтарға жетелеп, Қытайдың болашағын жарқын, ал дамуын баянды етуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстардың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын аса ризашылықпен атап өтемін. Осы жетістіктеріміз Сіздің қосып отырған сүбелі үлесіңіз бен жеке қолдауыңыздың нәтижесі деп білемін. Былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған нәтижелі сапарыңыз ықпалдастығымыздың келесі «30 жылдық алтын дәуіріне» жол ашқаны ерекше қуантады», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қытай Төрағасының игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир