Президет Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге алғашқы ресми сапарын жасады. Таңдауы әуелі теріскейдегі Мәскеуге түсіпті.
Президент борты «Внуково-2» әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келген. Оны Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды.
Әуелі, екі елдің әнұраны орындалды. Сапар барысында Мемлекет басшысы көрші елдің Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Қос мемлекеттің көшбасшылары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды деп күтілуде. Оған қоса, екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.