Президент бұрынғы өңір әкімдерін министр етіп тағайындады
Сенат спикері Үкіметтің жаңартылған құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәулен Әшімбаев Үкіметке өңірде қызмет еткен, халықпен жұмыс істеген мамандар келсе, тиісті шешімдердің тиімділігі артатынын айтты.
– Бұл – өте дұрыс және қолдайтын үрдіс. Бұрынғы Үкіметтің құрамында өңірлерде жұмыс істеген азамат саны өте аз болды. Сол себепті Үкімет қабылдаған кейбір шешімнің өңірлерде жүзеге асырылмай немесе тиісті деңгейде атқарылмай жатқаны жасырын емес, – деді ҚР Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Оқи отырыңызы: Үкімет басшысы депутаттар алдында есеп берді