Үкімет басшысы депутаттар алдында есеп берді

Almaty.tv
Almaty.tv
1,2 миллион адамның жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов AMANAT партиясының алдында Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны соңғы 1 жылда 27 пайызға артқан. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар бір жылда 4 миллионнан асып жығылыпты. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі іс-шаралар қабылданып жатқанын айтты.

– Салаға тартылған инвестиция көлемі былтыр 850 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 72 процентке көп. Биыл агроөнеркәсіп кешен саласында 6,6 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шамамен 540 миллиард теңге сомасында 290 жоба іске асырылуда. 2022 жылдан бері  пайдаланылмаған 8 млн гектар ауылшаруашылығы жері қайтарылды, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.  

Сонымен қатар жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды. Үкімет басшысының айтуынша, құжат азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді. 1 қыркүйектен бастап білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанды. Сондай-ақ биыл әлеуметтік жағдайы осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ға артты. Сондай-ақ бірнеше саладағы мамандардың жалақысы өсті.

– 1,2 миллион адамның жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды. Сондықтан жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25, дәрігерлердің жалақысын 30 процентке орта мерзімді персоналдың және басқа да санаттағы жұмыскерлердің жалақсын артырып келеміз. Шамамен 2 мыңнан астам кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 1 миллионнан астам жұмысшының жалақсы 10 проценттен 50 проецнтке дейін артты, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Оқи отырыңыздар: 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Новости партнеров