«Жұрт көшеге кедейліктен шықты»: Тоқаев митинг туралы айтты

«Жұрт көшеге кедейліктен шықты»: Тоқаев митинг туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда заңсыз митинг кезінде 957 адам тұтқындалған. Осы жағдайға қатысты пікір білдірген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдарды көшеге  алып шыққан кедейлік екенін айтты, деп жазды Euronews басылымы.

«Шеруге қатысқандарға тоқталсақ, олар шынымен де наразылық танытып, көшелерге шықты. Қазір олардың талаптары бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Негізінде, бұл – әлеуметтік сипаттағы талаптар. Мұндай мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Олардың дені адамдардың кедей өмір сүруінен. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешілгенін талап етуде. Билік естіді. Біз жұмыс істейміз. Қоғам қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтірмеген адамдар бар. Әрине, олар жақын уақытта босатылады. Ол жерге кездейсоқ түскен адамдардың бар екенін естідім. Олардың алдында кешірім сұраймыз, яғни тездетіп босатамыз. Бұл проблема да шешіледі», – дейді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сайлаудың әділ өтпегенін айтқандардың да босатылатынын атап өтті.

«Олар да босатылады. Себебі олар солай санайды. Ал мен, сайлау әділ өтті деген пікірдемін», – дейді Президент.

Новости партнеров