|
31.01.2020 | 14:46
2747

Аскар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Мишустинмен келіссөз өткізді

Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктесі.

Аскар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Мишустинмен келіссөз өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және Digital Almaty форумына қатысу үшін келген РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен кездесу өткізді, хабарлайды Almaty.tv 

«Біз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путин негізін қалаған екі ел арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық бағытын іске асыру мақсатында ресейлік әріптестерімізбен одан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз. Біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сабақтастықты өз қызметінің негізгі принципі ретінде нақтылады», — деді А. Мамин.

Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктесі. 2019 жылдың 11 айында екіжақты тауар айналамы $17,2 млрд құрады. ҚР-да ресейлік капиталдың қатысуымен 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.

«Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары оң динамикасын қолдау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің іскерлік орталарымыздың арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ тауарларды үшінші елдердің нарықтарында ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл маңызды жұмыс Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да жүргізілуде», — деді А. Мамин.

Қазақстандық бизнестің «КАМАЗ» және «Петербург трактор зауыты» тәрізді ресейлік ірі компаниялармен бірлескен жобалары белсене дамуда. Атап айтқанда, жүк автомобильдерінің негізгі біліктерінің басты берілістерінің редукторларын (2021 ж. 4 тоқсанында пайдалануға беру), КАМАЗ, автомобильдерінің шассиі базасында арнайы техника өндіретін зауыт ашу, бөлшектер шығаратын құю зауытын ашу жоспарланған. Сонымен бірге, Қазақстанда автомобильдердің жаңа үлгілерін тестілеу үшін сынақ полигоны бар инжиниринг және зерттеу орталығын құру көзделген. 2019 жылы шілдеде «Петербург трактор зауытымен» бірлесіп «Кировец» тракторларының алғашқы тестілік партиясын құрастыру жүзеге асырылды.

«Үкімет басшысы ретінде алғашқы сапарларымызды Қазақстаннан бастайтынымыз маңызды. Бізді бұрыннан келе жатқан достық және әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда, аймықтық байланыстар нығаюда», — деді М. Мишустин.

Кездесу барысында өнеркәсіп, энергетика, әскери техника, ғарыш, су және табиғатты қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ ЕАЭО мен басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

А. Мамин мен М. Мишустин биыл қараша айында Көкшетау қаласында өтетін «Экологиялық ынтымақтастық» тақырыбындағы XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына сапалы әзірленудің маңыздылығына баса назар аударды.

Былтыр Омбы қаласында өткен форумда қол қойылған Қазақстан – Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы бойынша Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі атап өтілді.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир