Бұдан былай митингтерге рұқсат беріледі

Бұдан былай митингтерге рұқсат беріледі
2024 жылы мемлекеттік органдар мен корпорациялардың қызметкерлерін 25%ға қысқарту көзделген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тіпті, бейбіт шеру өткізу үшін қаржы да бөлініп, арнайы орындары белгіленеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін халыққа жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев митинг туралы  баса айтты. Бұдан бөлек, Президент сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия сияқты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату қажет деді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін алғаш рет өзінің халыққа жолдауын жасады. Ерекше атап өтерлігі, ол сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, нәзік жандыларға тұрмыстық зорлық көрсету сынды қылмыстардың жазасын қатаңдату қажет деді. Елімізде өршіп тұрған браконьерлік туралы да сөз қозғады. Бұның да жөні бар. Тек биылдың өзінде ғана екі инспектор мерт болған еді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы азаматтық қоғам қалыптастырып, оны өзекті деген түйткілдерді шешуге араластыру қажет дегенді ерекше айтты. Мәселелер жабулы қазан күйінде қалмай, талқылануы керек. Шенеуніктер мен қарапайым бұқараның арасында диалог болуы шарт. Өзін толғандырған көкейіндегі мәселесін айтып жүгінген азаматтардың пікірімен  де санасу керек деді.  Тағы бір айта кететіні, бұдан былай елімізде бейбіт митингтерге еркіндік беріледі. Оларды өткізуге тіпті қаражат бөлінеді. Арнайы орындар белгіленеді.

2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқартылады. Ал үнемделген қаржы мықты деген қызметкерлерді ынталандыруға бағытталады. Осылайша 2024 жылы мемлекеттік органдар мен корпорациялардың қызметкерлерін 25%ға қысқарту көзделген.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту, авиациялық саланы күшейту сынды мәселелерді көтеріп, ұшақ пен поездарға қолдан жасалған билет тапшылығы түйткілін шешудің тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Зейнетақылық аударымдағы қаржыны шешіп алып, оқуға, немесе баспана алуға бағыттауға болады

Новости партнеров