Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті

Акорда
Акорда
Мемлекет басшысы Алматы инфрақұрылымының сапасын арттыруды тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

«Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді», - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.



Новости партнеров