|
26.05.2021 | 15:00
11287

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің әлем енді бұрынғыдай болмайды деген сөзін қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады akorda.kz

Коронавирустан кейінгі қайта қалпына келтіру ісі – қоршаған ортаны қорғауды халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе ретінде қоюға жақсы мүмкіндік береді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстеліндегі бейне үндеуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің әлем енді бұрынғыдай болмайды деген сөзін қолдады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бірде-бір мемлекеттің артта қалмауы үшін белсенді түрде халықаралық күшті жұмылдыруға шақырды. 

«Салиқалы саясат пен инвестициялардың арқасында біз барынша жаһандық жасыл экономикаға қарай бет бұра аламыз. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жекеменшік, сондай-ақ, мемлекеттік секторлар есебінен қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру маңызды. Біз «COVID-19 пандемиясы кезеңінде дамуды қаржыландыру саласындағы халықаралық күш-жігерді жұмылдыру» аясында көпжақты іс-қимылды үйлестіруді қолдаймыз», –деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көміртегінен ада экономиканы дамытудың баламасы жоқ деген ұстанымда екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан ТМД-да Париж келісімін бірінші болып ратификациялап, орнықты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған белсенді климаттық саясатты алғаш қабылдаған ел.  

«Қазақстан әлемде ең көп энергия пайдаланатын ел. Өйткені өнеркәсіптің 50 пайызын өндіруші сектор құрайды. Электр энергиясын өндірудің шамамен 70 пайызы бұрынғыша көмірге тәуелді болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2050 жылға дейін көміртегін аз пайдаланып, дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Көмір жағу салдарынан туындайтын энергетикалық теңгерімге тәуелділікті азайту үшін газ және су энергетикасын дамыту, жаңартылатын қуат көздерін пайдалану сияқты негізгі басымдықтарды шешуге бағытталған электр энергетикасын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба әзірленеді. Бұдан бөлек алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда 2 миллиардқа дейін ағаш отырғызылады», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир