ҚР Президенті Астана медресесінің шәкірттерімен кездесті
Тоқаев медіресе шәкірттерін Ораза айт мерекесімен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Астана медресесіне барып, діни білім ордасының шәкірттерімен кездесті, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев медіресе шәкірттерімен кездесіп, оларды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
«Осындай медреселер бізге өте қажет. Қазақстанда осындай медреселер болуы керек. Ораза айт қабыл болсын! Баршаңызға аманшылық тілеймін! Біздің мемлекетімізге, халқымызға қызмет етіңіздер! Келесі Рамазанға бәріміз халық, жамағат болып, балаларымыз аман, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін!», - деді Қазақстан Президенті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
19.09.2026 22:13