Әміржан Қосанов Орал қаласының тұрғындарымен кездесті

Әміржан Қосанов Орал қаласының тұрғындарымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына санаулы күн ғана қалды. Ел президенттігіне үміткерлер де, олардың республикалық және облыстық штабтары да осы аз ғана уақытта сайлаушылармен жұмысты күшейтуге барын салып жатыр. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған Әміржан Қосанов Орал қаласында жергілікті тұрғындарымен кездесті. Жиында кандидат өз бағдарламасын таныстырып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл сайлаудың ерекшелігі – еңбек ұжымдарымен кездесулердің көп болғанында. Ондай ұсыныстар тағы еңбек ұжымдарының өзінен шығып жатыр. Бұл тіпті қуантады. Кездесулерде әр түрлі тақырыптар көтеріледі. Меніңше, бұл форманың сайлауға түсіп жатқан кандидат үшін пайдалы жақтары бар. Интернет, әлеуметтік желіде сіз экранның ар жағында отырсаңыз, мұнда қарапайым сайлаушыны көзбе-көз көресіз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан ҚОСАНОВ.  

Батыс Қазақстан облысы – Әміржан Қосанов сайлауалды науқан аясында ат басын бұрған соңғы аймақтың бірі. Осыған дейін «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алматы, Қарағанды, Қостанай және басқа да өңірлердің жұртшылығымен кездескен болатын. Жиынға жолы түспегендер сайлауалды науқанға қатысты бар ақпаратты облыс орталығындағы штабтан біле алады. Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері бағдарлама бойынша және тұрғындарды қызықтырған өзге де сұрақтарға жауап беруге әзір.

Новости партнеров