|
20.08.2020 | 15:06
1409

Танк биатлоны: Қазақстандық танкішілер халықаралық сайысқа сақадай сай

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Танк биатлоны: Қазақстандық танкішілер халықаралық сайысқа сақадай сай "Алматы" арнасы

Қазақстандық танкішілер халықаралық «Танк биатлоны» сайысына сақадай сай. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында танк жарысы өтеді.  Жеребе нәтижесінде Қазақстан командасы сары түске боялған төрт танкіге ие болды. Конкурс ұйымдастырушылары – ресейлік тараптан ұсынылған техниканы техникалық қамтамасыз ету тобы офицерлерінің басшылығымен эпипаждар қабылдаған. Қазақстандық әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың жағдайы қанағаттанарлық екенін және «Танк биатлоны» сайысы аясындағы барлық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Халықаралық жарыс 23 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Біздің команда алғашқы жеке жарысын 25 тамыз күні бастап, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан танкішілерімен бірге бір топта өнер көрсетеді. Жалпы сайысқа 16 елдің танк экипаждары қатысады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир