Алматыда мемлекеттік қызметкерлер белсенді дауыс беруде

Алматыда мемлекеттік қызметкерлер белсенді дауыс беруде
Алматы қалалық мәслихат депутаты қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Президентін сайлауға әрбір азамат қатысуы керек. Бұл сайлау учаскесіне келген тұрғындардың пікірі. 414-ші сайлау учаскесіне таңнан бері өз таңдауын жасауға келіп жатқандардың қарасы қалың, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Сайлаушылардың саны сағат сайын артып келеді. Таңертең жастар саны аз болғанымен, енді көбеюде. Олардың ішінде алғаш рет дауыс беріп жатқандары да бар. Бұларға сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп жатырмыз», - деді Алматы қаласы

№ 414 сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Светлана РОМАНИШКО.

«Бұл учаскеде заң бұзушылықтар әзірге жоқ. Барлығы жақсы өтіп жатыр. Азаматтар да өздерін тәртіпті ұстауда. Комиссия мүшелері өз жұмысын ойдағыдай атқарып жатыр», - деді бақылаушы Исламбек ЖҰМАХАНОВ.

Алматы қаласының мәслихат депутаты Гүлнас Ахметова да отбасымен келіп, осы учаскеден өз таңдауын жасады. Айтуынша, ел Президентін сайлауға әр қазақстандықтың қатысуы шарт.

«Бүгінгі күнді өз басым Қазақстанның дамуы мен өркендеуінде үлкен бір жауапты күн деп санаймын. Сайлауға келіп, дауыс беру - әрбір Қазақстан азаматының парызы . Сондықтан баршаңызды дауыс беруге шақырамын», - деді Алматы қаласының мәслихат депутаты Гүлнас АХМЕТОВА.

Новости партнеров