Алмазбек Атамбаев «Апрель» телеарнасы арқылы мәлімдеме жасап, күш құрылымдарынан халыққа оқ атпауды сұрады. Себебі ол соңы жақсылыққа әкелмейді деді экс-президент. Оның айтуынша жасақ арнайы құралдарды ғана емес, жауынгерлік қаруды да қолданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, жақтастарына, яғни оны ұстауға кедергі келтіргендердің барлығына алғысын жеткізді.
Атамбаевты ұстау үшін олар лаңкестікке қарсы «Альфа» арнайы жасаған жіберді. Біз террорист емеспіз. Мен де, халық та, үйімнің маңындағы адамдар да террорист емес. Атамбаевты ұстау үшін, шындықты жасыру үшін өз еліне оқ атты. Бұл өте ұят нарсе, бірақ тағы бір жолы билікке айтайын деп отырмын. Тоқтатыңдар, мұның соңы жақсылыққа апармайды. Қырғыз елі колхоздың қойлары емес, олар ешқанан тізерлемейді. Оларға тізерлегеннен қарағанда, өлім артық. Өз елдеріңді атпаңдар. Жауап бересіңдер. Сендер антты қазіргі жүйеге емес халыққа бергенсіңдер», – деді Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011 ден 2017 жылға дейін басқарған болатын.