ҚР Президенті Мәскеуде Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті.
Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді.
Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды.
Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13