|
09.10.2019 | 15:32
3508

Елімізде жаңа «Табиғат» партиясы пайда болады

Экологтар тіпті «Жасыл Кодекске» өзгеріс енгізбекші

Елімізде жаңа «Табиғат» партиясы пайда болады


Бұл туралы бүгін эколог Мэлс Елеусізов мәлімдеді. Ұйымның көшбасшысы тіпті құрылатын саяси ұйымның бағдарламасымен де таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның командасы еліміздегі экологиялық сектор проблемаларын сөзбен емес, іспен шешпек. Негізгі алаңдатқан сұрақтардың бірі Сорбұлақ көлі. Ол бүгінде негізгі инженерлік жаңартуды қажет етеді дейді.

«Біз бұл мәселені қалай шешу керектігін білеміз. Бірақ жағдай ушығып барады. Азияның орталығында орналассақ та, мұздықтардың 44 пайызы еріп кеткен. Біз тұтынып отырған судың барлығы дерлік мұз суы. Яғни жақында ауызсу тапшылығы пайда болуы мүмкін. Бұл – бүкіл адамзаттың алдында тұрған проблема», - деді «Табиғат» экологиялық одағының көшбасшысы Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ.

Партия алдымен браконьерлікпен мықтап күреспек. Экологтар тіпті «Жасыл Кодекске» өзгеріс енгізбекші. Мамандар адам қолынан қаза тапқан инспектор оқиғасынан кейін экополицияның да пайда болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарып отырған жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир