|
09.12.2022 | 15:50
1675

Президент ЕАЭО-ны Үндістан, Египет, Индонезия, Израиль елдерімен байланысты нығайтуға шақырды

Мемлекет басшысы Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр

Президент ЕАЭО-ны Үндістан, Египет, Индонезия, Израиль елдерімен байланысты нығайтуға шақырды Фото: t.me/bort_01

Еуразиялық экономикалық одақ аясында түрлі жеңілдіктер жөнінде келісім жасаған елдермен қарым-қатынастың сапасын жақсартуға күш салатын мезгіл жетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Бішкектегі отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Екінші мәселе – халықаралық экономикалық әріптестікті дамыту. Одақтың сыртқы сауда мүддесі жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл жағымды тенденция және Қазақстан бұл бағытты қолдайды. Енді жеңілдік келісімшарттар бекітілген әріптестер арасындағы өзара әрекеттердің сапасын арттыруға зер салу керек. Әңгіме Вьетнам, Сербия, Иран елдері туралы болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан, Египет, Индонезия, Израиль елдерімен арадағы еркін сауда аймағы туралы келісімдер жөніндегі жұмыстарды да жылдамдату керегіне тоқталды.

«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келіссөздің басталғанын құптайды. Бұл бастаманы айтарлықтай перспективалы және еуразиялық бестіктің бәрінің мүддесіне сай деп есептеймін. Енді осы үдерісті созып алмау маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр. Одаққа мүше елдердің басшылары қазір шағын құраммен отырыс өткізіп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир