Алматыда қала тұрғындарына шет тілін оқыту бойынша жыл сайынғы әлеуметтік жоба басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
24 тамыз Алматының барлық 8 ауданында шет тілдерін тегін оқыту бойынша «Тілдер саябағы» жұмысын бастайды. Сабақтар Алматы қаласының әкімдігімен, аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырылды.
2023 жылы «Тілдер саябағы» жобасы аясында қаланың 5000-нан астам тұрғыны 15-тен астам шет тілін таңдай отырып, әртүрлі жерлерде оқыту жоспарланған.
Саябақтарда шет тілдерін үйренумен қатар, қаланың барлық тұрғыны қазақ тілін үйренуге мүмкіндік алады.
«Тілдер саябағы» - бұл қалалық әлеуметтік жоба, оның аясында қала саябақтары базасында бейресми түрде шет тілдерін оқыту бойынша тегін сабақтар өткізіледі. Сабақтар таза ауада өтеді, оған қала тұрғындары қатыса алады. Курстар жазғы кезеңде, аптасына 3 рет 1 ай ішінде өтеді.
Тілдер паркі базасында 8 тіл бойынша тегін сабақ өткізілді. Курстарды аяқтағаннан кейін барлық белсенді қатысушыға тілдерді білу деңгейінің көрсеткішімен курстардан өткені туралы сертификаттар беріледі.
Қатысушылардың жас санаты 6 жастан 60 жасқа дейін. Жобаны іске асырудың 6 жылында QR-кодты қолдана отырып, ағылшын тілін оқытуға арналған «EZ OQU» инновациялық кітабы шықты. Осы кітаптың көмегімен мұғалімдердің көмегінсіз ағылшын тілін өз бетіңізше оқи аласыз. Бүгінгі таңда тілдер саябағы базасында 10 000-нан астам адам оқытылды.
Тілдер саябағының өтетін орындары:
1. Медеу ауданы - Орталық мәдениет және демалыс саябағы
2. Алатау ауданы - Атлетикалық ауылдағы көгал
3. Наурызбай ауданы - Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы көгал
4. Алмалы ауданы - М.Мақатаев алаңы
5. Түрксіб ауданы - Түрксіб ауданы Оқушылар сарайы жанындағы алаң
6. Бостандық ауданы - Достық саябағы
7. Жетісу ауданы - Айнабұлақ-1 жаңа саябағы
8. Әуезов ауданы - Сац театры артындағы амфитеатры бар алаң.