Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада үндеу жасады

akorda.kz
akorda.kz
Cәтсіздіктен де, жетістіктен де сабақ алған жөн
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында, ең мәртебелі халықаралық ұйымның 75 жылдығына арналған онлайн отырысында үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өз сөзінде мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем елдерін ортақ мақсат пен мүддеге біріктірудегі қызметін ерекше атап, халықаралық құқыққа негізделген қоғамдастық құруды жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

«Дегенмен сәтсіздіктен де, жетістіктен де сабақ алған жөн. Бірікен Ұлттар Ұйымының белсенді ұжымдық күш-жігерінің арқасында көптеген ауқымды мәселелер шешіліп жатыр. Атап айтқанда, отарсызданудан өсіп-өркендеуге, балаларды қорғаудан климаттың өзгеруіне, денсаулық сақтау ісінен адам құқығына, бейбітшілікті қолдаудан бітімгершілікке дейінгі тақырыптар қамтылды», – деді  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы әлемде болып жатқан күрделі өзгерістер бүгінгі заманның сипатына әсер етіп жатқанын айтты. Көптеген жаңа сын-қатер мен қайта етек алған кейбір тәуекелдер қоғамды өткен кезеңге кері домалатуы мүмкін дейді.

«Бірікке Ұлттар Ұйымы Жарғысында бекітілген мұрат-мақсаттар бұдан былай кәдеге аспайды деген пікір тарауда. Мен өз елімнің Президенті және ұйымның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы ретінде бұл көзқараспен мүлде келіспеймін. Бұған қарамастан, біз үміт отын өшірмей, қайта оны лаулатуымыз керек, ортақ мұрат-мақсаттан бас тартпай, оған қол жеткізу үшін күш-жігерімізге тың серпін беруіміз қажет. Анархияға жол бермей, халықаралық құқыққа негізделген қоғамдастық құруды жалғастыруға тиіспіз», – деді  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров