|
01.10.2020 | 16:06
5784

Primaries: Алматыда жарты күнде 4 мыңнан астам адам дауыс берді

Алматының 8 ауданында нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр

Primaries: Алматыда жарты күнде 4 мыңнан астам адам дауыс берді Пресс-служба Алматинского городского филиала партии Nur Otan

Партия ішілік сайлаудың жарты күндегі қорытындысы бойынша,  «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының 4 мыңнан астам мүшесі дауыс бергені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының 8 ауданында нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр, олардың басым бөлігі Бостандық ауданында тұрады, ал праймеризге қатысушылардың ең көп саны – 45 кандидат Медеу ауданында тіркелген.

Күннің бірінші жартысында Наурызбай және Алатау аудандарындағы нұротандықтар мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері белсенділік танытты. Әзірге ең көп дауыс бергендер бар.

Жалпы Алматыда партияның 58 721 мүшесі бар, оның ішінде ақпараттық жүйеге 52 929 адам авторизацияланды. Бұл жалпы санының 90%-ін құрайды.

Электронды дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады.

Primaries.kz сайтында, мобильді қосымша және дауыс беру учаскелеріндегі онлайн-кабинеттер арқылы таңдаған кандидатқа дауыс бере алады.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Алматыда олардың саны 37. Учаскелердің орналасқан жері туралы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының ресми аккаунтынан білуге болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир