«Nur Otan» партиясы сәуір айының соңына дейін съезд өткізуді көздеп отыр

«Nur Otan» партиясы сәуір айының соңына дейін съезд өткізуді көздеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Nur Otan» партиясы сәуір айының соңына дейін съезд өткізуді жоспарлап отыр. Ол жиында кезектен тыс сайлауға түсетін кандидатты айқындау бойынша шешім қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кезектен тыс сайлауға үміткер партия съезінде ұсынылады. Әзірге жиынның өтетін мерзімі айқындалған жоқ. Бәлкім, сәуір айының соңына қарай болып қалуы керек. Біз процедураға сай әрекет етеміз. Съезде көпшіліктің - партия мүшелерінің даусымен кандидатура бойынша шешім қабылданады», - деді партияның баспасөз хатшысы Әлия Буриева.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.


Новости партнеров