ҚР Президенті: Астана халықаралық форумы өтпейді
akorda.kz
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астана халықаралық форумы өтпейтін болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.
Оқи отырыңыз: Жалпы ахуал өте күрделі: Тоқаев елдегі су тасқыны туралы айтты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қазақстанда ет өнімдерінің құрамын анықтайтын ПТР-тест әзірленді
07.10.2026 12:52
Қазақстанда балаға берілетін әлеуметтік төлемдер өзгеруі мүмкін бе
07.10.2026 09:54