|
28.08.2019 | 17:42
11194

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі тағайындалды

Ранее этот пост занимал Ануар Ускенбаев

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі тағайындалды

Алматы әкімінің өкімімен, ҚР Президент Әкімшілігі және қала мәслихатының келісімі бойынша Сайран Сайфеденов Әуезов ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімінің сайтына сілтеме жасап.

 С. Сайфеденов 1974 жылы 19 желтоқсанда туылған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін (1996 ж.), Алматының Үздіксіз білім университетін (2009 ж.), Қазақ Жол қатынастары университетін (2012 ж.) бітірген. Мамандығы бойынша – заңгер, экономика және бизнес магистрі.

Жеке компанияларда, аудандар және қала әкімдігінде қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған. 2008 жылдан 2009 жылдың желтоқсанына дейін – Алматы қаласы әкімі апппаратының ұйымдық-кадрлық және бақылау-инспекторлық бөлімінің бас маманы болған.

2009 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамырына дейін Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың мамырынан 2018 жылдың мамырына дейін Наурызбай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың ақпаны аралығында Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2019 жылдың ақпанынан тамызға дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшының орынбасары болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир