|
Saıasat
14.05.2019 | 16:33

Қ.Тоқаевтың штабы Алматыдағы нан зауыты ұжымымен кездесті

Штаб тобы ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің үйіне барды

Қ.Тоқаевтың штабы Алматыдағы нан зауыты ұжымымен кездесті

Президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың Алматыдағы штаб өкілдері қаладағы нан шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесу өткізіп, кандидаттың бағдарламасымен жақынырақ таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, нұротандықтар Қ.Тоқаевтың болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Кездесуде әсіресе, жастар жайы мен алдағы уақытта шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі сөз болды.

«Біздің үміткеріміз кәсіпорындарды қолдайтынын айтып жүр. Шағын несие беруге көмектесеміз деді. Демек, осы тұрғыда кадр дайындау мықтап қолға алынып, оларға жағдай жасалады. Ендеше, мақсатымыз -  осыны халыққа түсіндіру. Бізге осындай кандидат керектігін айту», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Рахман АЛШАНОВ.

Кездесуден соң Қ.Тоқаевтың Алматыдағы штаб жетекшісі бастаған топ Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің үйіне барды. Халық арасында көп жүретін әншіге үнпарақ таратып, сайлауға келуге шақырды.

«Сайлау бәрімізге ортақ. Өйткені мемлекеттің Президентін сайлайын деп жатырмыз. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан 9 маусым күні бәріміз дауыс береміз деген ойдамыз», – деді ҚР Халық әртісі, композитор Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ.