|
03.06.2019 | 17:46
3411

Қ. Тоқаевтың қоғамдық штабы Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті

Қ. Тоқаевтың қоғамдық штабы Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті

Ел болашағы – жастарды тәрбиелеуде ұстаздардың алар орны ерекше. Сол себепті ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалық қоғамдық штабының мүшелері Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәстүр бойынша, кандидаттың сенімді өкілдері сайлауалды платформасымен таныстырып, негізгі бағыттарын түсіндіріп берді. Штаб мүшелері Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын алға тартып, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу бойынша мекеме қызметкерлерінен ақпарат алды. Кездесу барысында әзірленіп жатқан педагог статусы туралы заң жобасы жайында ұстаздар сұрақтарын қойды.

«Биыл – Елбасының ұсынысымен педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдайтын жыл. Сондықтан қоғамның алдында жастарға тәрбие беретін ұстаздардың рөлін көтеруге байланысты көптеген игі істер күтіп тұр. Оның үстіне, былтырдан бері ұстаздардың жалақысы көтеріліп жатыр. Аттестациядан өткен ұстаздар, еңбегіне сай жалақы алып, өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отыр», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалық сайлауалды штабының мүшесі Борис ЖАПАРОВ.

«Ұстаздардың жағдайы жақсы болса, кішкентай бүлдіршіндеріміздің, жалпы келешек осы елдің азаматтарының жағдайы жақсы болады»,  – деді Алматы қаласы Оқушылар сарайының директоры Айгүл БАЙСЫМАҚОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир