«Парламент мақұлдады»: Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань көлемінде қарыз алады

«Парламент мақұлдады»: Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань көлемінде қарыз алады
Бұл қаражатқа ел билігі кеден бекеттерін жаңартпақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Қытай елінен 2 миллиард юань несие алмақ. Бұл шамамен 113 миллиард теңге. Жеңілдетілген кредитті бүгін Парламентте ресми мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұндай қомақты қаражат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бір-біріне өтетін бекеттерін жаңғырту мен техниканы жаңартуға жұмсалады. Несие алудың басты себебін еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайылов осылайша түсіндірді.

«Шекарадағы бекеттер кезек күтіп жиналған көліктерді жылдам өткізе алмайды. Өйткені ондағы инфрақұрылым ескірген. Оған дәлел, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында болған жағдай. Өткізу бекеттерінде Қазақстан тарапында күнделікті 100-ден 300 автокөлікке дейін кептелісте тұрады. Заманауи техника қойылғаннан кейін пункттердің өткізу қабілеті 12 есеге артады деп күтілуде», - дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жыл соңында басталып, 2022 жылы аяқаталады.

Новости партнеров