Сарапшы: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – 10 жылда ең көп кездескен ұйымдардың бірі

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Бұл жолы біздің ел әлем назарына нақты алты бағытты айқындап, ұсынған еке
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аталған ұйымға Қазақстан осымен төртінші мәрте төрағалық етті. Бұл жолы біздің ел әлем назарына нақты алты бағытты айқындап, ұсынған екен. Одан бөлек, алғашында «Шанхай бестігі», кейіннен «сегіздігі» болған ұйым енді ондыққа айналды. Сол ондықтың отырысынан не күтіледі? Осы сұрақтың жауабын Almaty.tv тікелей эфиріне шыққан сарапшы Айбар Олжай айтып берді.

– Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы біз көрген соңғы 10 жылда ең көп кездескен ұйымдардың бірі. Оның өзіндік себебі бар. Қытайдың экономикалық әлеуеті өскен сайын және оның кредит беретін мүмкіндігі артады. Сондықтан елдер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіруге тырысады. Енді ШЫҰ-ның өзінің тауар айналымы қатты өсті. Соңғы уақытта геосаяси ұйымнан көрі экономика жағын жақсы дамытты.

- Жоғарыда айттық, бұл саммитте Қазақстан алты бағытты ұсынады екен. Олардың негізгілері қайсы?

– Біздің негізгі төрағалық принциптеріміздің барлығы ең бірінші тұрақтылыққа негізделеді. Тұрақтылық және өсім, тұрақты даму және белгілі бір теріс қимылдар жасамау, бәрін тұрақты өткізу. Біздің төрағалық кезімізде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қатары көбеюде. Ресми түрде Белорусь республикасы ШЫҰ- ның мүшесі болып қабылданды.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Новости партнеров