«Жаңа Алматы» бесжылдық даму жоспары бойынша 4 мектеп пен амбулатория саламыз - Сағынтаев

«Жаңа Алматы» бесжылдық даму жоспары бойынша 4 мектеп пен амбулатория саламыз - Сағынтаев
Әкімнің Алатау ауданы тұрғындарымен алғашқы кездесуі биыл 9 тамызда өткен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарымен екінші мәрте кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Алғашқы кездесу 9 тамызда өтті. Не мәселе шешілді? Проблемалы 930 жер телімінің 724 учаскесі тіркелді, қалғандары бойынша жұмыстар жүруде. «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 315 үй үшін газ құбыры салынуда. Екі бау-бақша қоғамдастығының шамамен 300 үйі қосымша газдандырылады. Ұзындығы 291 км су құбырлары мен кәріз жүйесінің құрылысы жүруде. Ауданның 32 мыңға жуық үйінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Көрсеткіш 85%-ға дейін өсетін болады. «Жаңа Алматы» бесжылдық даму жоспары бойынша Оқушылар сарайын, төрт мектеп пен амбулатория саламыз. Бүгінгі кездесуде қойылған 150 сұрақтың басым бөлігі нақты осыларды қамтыды. Алматылықтармен мұндай кездесулер өткізу бізге қаланы дамытудың маңызды шешімдерін қабылдауға көмектеседі. Жоғарыда аталған жобалар Алатау ауданы тұрғындары өтініштерінің негізінде жүзеге асуда. Менің сөзімнің дәлелі: қалалықтармен бірлесіп жұмыс жасау», - деп жазды қала әкімі instagram парақшасында.

Новости партнеров