Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты

Акорда
Акорда
Президент өз сөзінде қонақжайлық көрсеткені үшін әзербайжан тарапына ризашылығын білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент өз сөзінде қонақжайлық көрсеткені үшін әзербайжан тарапына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Гейдар оғлын Әзербайжан Республикасының президенті сайлауында айқын жеңіске жетуімен тағы да құттықтады. Президенттің айтуынша, дауыс беру қорытындысы Әзербайжан көшбасшысының стратегиялық бағдары жалпыхалықтың қолдауына ие болғанын және оған жұртшылықтың сенімі жоғары екенін анық көрсетті.

– Сізді әзербайжан халқының жалпыға бірдей танылған көшбасшысы деп білеміз және халықаралық аренада да осындай тұлға ретінде қабылдайды. Сонымен қатар Әзербайжанның өз егемендігін қалпына келтіру ісінде тарихи жеңіске жеткеніне шын жүректен қуаныштымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Новости партнеров