|
21.11.2019 | 17:10
3737

ІІМ: Олеся Кексельге қатысты тергеу ісі тоқтатылған жоқ

Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр

ІІМ: Олеся Кексельге қатысты тергеу ісі тоқтатылған жоқ

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы О.Кексельге қатысты тергеу амалдарының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамайды. Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр», - дейді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін бұрынғы Бас прокурор, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді. Ал бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндіріп берген болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир