Бағдат Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды»,–делінген өкімде.
Мусин бұл қызметке осы жылдың наурызында тағайындалған еді.
Бұған дейін мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатты.
Бағдат Мусин туралы не білеміз
Ол 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келді.
Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
2011-2012 жылдары ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.
2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Бағдат Мусин бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті. Оған дейін үш жыл «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды.
2020 жылдың наурызынан бүгінге дейін президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін меңгерген.