Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді

Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан бокс федерацияның отырысында федерация президенті Тимур Құлыбаев қызметінен кететінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 қыркүйек күні менің ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына тағайындалғанымды білесіздер. Осыған орай, су спорты түрлері мен бокс федерациясы президенті лауазымынан кетуді жөн деп шештім. Сіздермен бірге спорттың дамуына 10 жыл бойы үлес қосып келеміз. Жұмыс нәтижелі болды деп есептеймін. Аймақтық бокс федерацияларына, бірлесе жұмыс атқарып жүрген азаматтарға, Үкіметке, демеушілерге - барлықтарыңызға алғысымды айтамын», - деді ол отырыста.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаевтың орнына федерация басшысы болып Кеңес Рақышев келді, конференция қатысушылары ол үшін бірауыздан дауыс берді.

Новости партнеров