|
22.09.2021 | 17:57
921

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды

Мәжіліс депутаттары Ұлтттық банктің базалық ставкаға қатысты саясатын қайта қарастыруды ұсынды

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды agka.kz

Бүгін Мәжілістің бір топ депутаты Алматыда болған қайғылы оқиғадан кейін «Жеке тұлға банкроттығы» туралы заң жобасын әзірлеп, несие ставкасын төмендетуді талап етті, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Жоба авторларының пікірінше, құжат банкротқа ұшыраған азаматтардың баспанасыз қалмауына және отбасын алаңсыз асырауға мүмкіндік береді.  

«Өкінішке қарай, мұндай жағдайға кәсіп ашуға бел буған немесе жай ғана несие алған мыңдаған азамат ұшырайды. Борышкердің көбі, тіпті, суицидке дейін барады. Бірақ мына оқиғада борышкер басқа адамдарға оқ жаудырды. Бұл қордаланған мәселеге тез арада назар аудару қажеттігін көрсетеді. Ұлттық банктің жоғары базалық ставкасы, осындай дауларға қатысты әділетсіз сот шешімдері, сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің алдын ала сөз байласу жағдайды одан сайын ушықтырып отыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Линник.

Линник несие бойынша мөлшерлемені төмендету қажет деп есептейді. Ол үшін Ұлтттық банктің базалық ставкаға қатысты саясатын қайта қарастырған жөн. Сонымен қатар, кепілдегі мүлікті сату кезінде банктің лауазымды тұлғалары мен сот орындаушыларының сөз байласуына жол бермеу қажеттігін айтты.  

«Күні кеше қаза болған адамдар – мыңдаған шағын кәсіпкер мен қарапайым борышкерлер жағдайына немқұрайлы қараудың салдары. Банктің әрекетін түсінуге болады, өйткені оның міндеті – ақша табу. Бірақ борышкердің кепілдегі мүлкін тәркілеу кезінде бағалау құнынан ауытқу 10-15%-тен аспауы керек деп санаймыз. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктер борышкердің тәркіленетін мүлкінің құнын төмендету мүмкіндігін шектеуді ұсынамыз», – деді Андрей Линник.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир