|
05.07.2019 | 18:05
9949

Бақытжан Сағынтаев «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалды

Первый заместитель председателя «Nur Otan» Бауыржан Байбек поздравил избранного руководителя филиала и вручил ему свидетельство

Бақытжан Сағынтаев «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы партияның кезектен тыс өткен конференциясында белгілі болды. «Nur otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қалалық бөлімшенің жаңа басшысын құттықтап, куәлік табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Халықты біріктіретін жалғыз ғана саяси күш – «Nur Otan». 20 жылдың ішінде Елбасының қолдауының және халық сенімінің арқасында осындай күш қалыптасқан. Қазіргі қиын жағдайда басқа бір мүмкіндік, басқа бір күштер жоқ осындай. Сондықтан ең бастысы біздің «Nur Otan» партиясының әкімшілік ресурсы емес, ең бастысы  халықтың сенімі, үміті. Соны қайтадан біз өзімізге қайтаруымыз қажет», – дейді  «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК.

«Алда бірігіп атқарар жұмыс көп. Сол жұмыста «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы ретінде өздеріңізге арқа сүйей отырып, Елбасы, партия төрағасының берген тапсырмаларын, талаптарын жоғары деңгейде орындайтынымызға мен кәміл сенімдімін», – деді «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан САҒЫНТАЕВ.  

Жиынға қасытушылар мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде айқындап берген ел дамуының басым бағыттарын талқылады. Партиялықтар сайлауалды науқан кезінде атқарылған жұмыстарды да сөз етті. Сайлау науқанына белсене ат салысқан азаматтар марапатталды. «Nur otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті.

«Бақытжан Әбдірұлы, өзіңізді осындай үлкен лауазымды қызметіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сізді халық өте байсалды, байыпты басшы ретінде жақсы таниды. Енді қаламыздың өркендеуіне өзіңіздің зор үлес қосатыныңызға мен кәміл сенімдімін. Өйткені сіз – тәжірибелі басшысыз. Сондықтан біз өзіңізге қолдау көрсетеміз. Және де осы мәдениет саласында, өнер саласында өзіміздің де әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз деген сенім білдіреміз», – деді дәстүрлі әнші Ұлжан БАЙБОСЫНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир