Сағынтаевтың онлайн-қабылдауында қалалықтар мәселелердің цифрлық шешімдерін ұсынды

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz
Қабылдау барысында білім, денсаулық сақтау және цифрлық технология бойынша бірқатар ұтымды ұсыныстар түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн-қабылдау өткізді, оның барысында алматылықтар білім, денсаулық сақтау мен қала шарушылығы жүйесінің жұмыстарын жандандыруда IT-технологияны пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бақытжан Сағынтаев өзінің жеке Instagram парақшасында айтып өткендей, онлайн-қабылдау бірінші кезекте қалалықтар үшін қолайлы. Қабылдауға жазылғандар жол жүруге және кезекке тұруға уақыттарын текке жібермейді.

Қабылдау барысында білім, денсаулық сақтау және цифрлық технология бойынша бірқатар ұтымды ұсыныстар түсті.

Әкім хабарлағандай, Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ-нің химия және биология институтының директоры З. Түйебахованың білім сапасын жақсартуға методологияны енгізу жөніндегі ұсынысы назарға алынатын болады.

«Сонымен қатар диабетикалық ағарту Қорының басшысы Н. Тукалевскаяның балалар мен ересектердің диабет мектебінің жұмысын жандандыру жөніндегі ұсынысы да маңызды», – деп жазды Алматы әкімі Б. Сағынтаев.

Қала әкімі Алматының жасанды интеллект зертханасының директоры Д. Жүсіповтың ишемикалық инсульттан соң невралгиялық жетіспеу салдарынан болатын мүгедектің деңгейін төмендететін және санын азайтатын инсульт диагностикасын ерте анықтау жөніндегі пилотты жобасын жүзеге асыруды өзінің жеке бақылауына алатынын атап өтті.

Тағы бір қала тұрғыны  – «Ассистент.кз» компаниясының директоры Р. Түбекбаев қаланың әлеуметтік сала ұйымдарына онлайн-бухалтерияны енгізуге дайын екенін айтты.

«Ақпараттық технология қоғамдастығын әлеуметтік саланың, ШОБ-тің, көлік және ТҮКШ процесстерін оңтайландыруға көмектесетін өздерінің нәтижелі жұмыстарын белсенді ұсынуға шақырамын», – деді Б. Сағынтаев өңдеушілер мен бағдарламашыларға.

Театр қайраткері А. Боранбай репетиция жасауға орын таба алмай жүрген жеке театрлар актерлерінің мәселесін көтерді. Оған берген жауабында қала әкімі қала алаңдарынан орын беру мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

Болашақта Алматы қайраткерлерін қолдаудың барлық шаралары креативті индустрияны дамыту бағдарламасы аясында көрсетілетін болады.

Новости партнеров