Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен кетті. Оның орнына бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған Алексей Цой жайғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады. Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Алексей Цой өз қызмет жолын Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері болып бастаған.
Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, «Еуроазиаттық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті Іс басқармасының Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметтерін атқарған.