Төрткүл дүниеге танымал ұйымға Қазақстан осымен төртінші рет төрағалық етті
Келелі кездесулердің қазақ жерінде өтуі бекер емес. Төрткүл дүниеге танымал ұйымға Қазақстан осымен төртінші рет төрағалық етті. Жалпы мұндай алаңда айтылатын әңгіме қандай, маңыздылығы неде? Бұл туралы Almaty.tv эфиріне тікелей байланысқа Amanat партиясы қоғамдық саясат институтының сарапшысы Жансая Нұрәлиева шығып айтып берді.
– Жалпы саммит бұл өткізіп жатқанымыз 24 саммит болып саналады. Ал біз төртінші рет төрағалықты тапсырғалы отырмыз. Яғни, өткен жылы қабылдап алған төрағалығымызды алдымызда Қытайға тапсырамыз, осы саммиттің барысында. Жалпы бұл саммитке тікелей қатысы жоқ елдердің қатысуы ұйымның Қазақстанның төраға кезіндегі беделін айқындап отыр. Яғни, Астанамызға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам делегат келеді деп күтіліп отыр. Алдыңғы жылы төрағалықты қабылдап алған кезде Президент: ірі халықаралық және өңірлік құрылымдармен байланысты кеңейту және оның халықаралық беделін одан ары нығайту алдымызда тұрған жоспарлардың бірі екенін атап өткен болатын. Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуразиядағы тұрақтылық факторына айналып келе жатыр. Оған дәлел болатын нәрсе ұйымға қызығушылық сақталып отыр. Осы тұрғыдан келген кезде Астана саммиті мемлекеттердің өзара сенімі, достық, тату көршілік, бейбітшілік пен келісім нығайту үшін әлемдік алаң болып саналады. Және де мәселелерге бірлесіп, шешеміз деу үшін бұл Еуразиядағы БҰҰ-ның басты серіктесі деуге болады.
Алдағы саммиттің маңызын ұқтық. Бұл тұста жалпы, Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси беделіне қандай баға бересіз?
– Жалпы бұған дейін де, ұйымның тарихына келетін болсақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай келісімде құрылған ұйым, кейіннен кеңейіп, қазіргі таңда 9 мемлекет мүше болып отыр. Алдымыздағы саммитте Беларусь мемлекеті тұрақты түрде мүше болып кіреді деген шешім қабылданады деп жоспарланып отыр. Осы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болып кіру үшін әр мемлекет 3 жылдық процедураны өтеді. Осы процедураны Беларусь сенімді түрде өтті деп айтуға болады. Астана саммитінде мүше болып, кіргелі отырғаны, бұл да біздің бір беделіміздің бір көрінісі иә, мысалға. Қаншама мемлекет басшылары сенім білдіріп келіп отыр. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі, мемлекет басшыларынан бөлек, премьер-министрлердің де келуі жоспарланып отыр. Олардың ішінде, Қазақстанға бірінші рет келіп отырған адамдар болуы мүмкін. Еліміздің қонақжай, сондай диалогқа жақын, диалогқа ашық, кез келген мәселені жан-жақтан, көп жақты вектордан талқылауға дайын ел екенін айқындайды.
Оқи отырыңыз: ШЫҰ саммитінде қандай мәселелер талқыланады