Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтты. Бұл әлемдік мәдениетпен бірігу үшін қажетті қадам екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Әлемде болып жатқан оқиғалар тұрғысында Қазақстан этносаралық келісім мен толеранттылықтың табысты үлгісі ретінде қызмет ете алады. Әлемдік мәдениетпен бірігу үшін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен ауыстыру қажет», – деді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Елбасы білімге және қазіргі заманғы күрделі жағдайда қазақстандық ұлттың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттілігіне баса тоқталды. Осы ретте атқарылған шаруаларды да атады.
«Мәселен, 1993 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет қаражаты есебінен бірнеше мың жас әлемнің үздік университеттерінде білім алды. Кейін отанына оралған олар қазір ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Елімізде де бүгінде әлемдік деңгейдегі бірқатар университет құрылып отыр», – деді Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.