|
14.09.2022 | 18:37
636

Рим Папасы Франциск қазақстандықтарға алғыс білдірді

Рим Папасы Франциск қазақстандықтарға алғыс білдірді Ақорда

Елордадағы EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Месса рәсімін өткізген Рим Папасы Франциск қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тағы бір рет осынау құдайға құлшылық шарасын және менің сапарымды ұйымдастырғаны үшін елдің азаматтық және діни билігіне алғыс айтамын. Баршаңызға, әсіресе Орталық Азияның өзге елдерінен және осынау шексіз даланың әр қиырынан келген жандарға ізетімді білдіремін. Егде жастағы және науқас адамдарға, балалар мен жастарға шын жүрегімнен батамды жолдаймын», - деген дін көшбасшысы «қасиетті кресті көтеру» рәсімін орындады.

Айтуынша, аталған кресте «Қазақстан халқына – алғыс, адамдарға – бейбітшілік» деген жазу басылған.

«Жаратушыға осынау ұлы елде тұрып жатқан халық үшін алғыс. Бұл халықтың мынау әлем аса мұқтаж диалог пен бейбітшілікке ықпалдастығы алғысқа лайық», - деді Рим Папасы Франциск.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

рим Папа
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир