|
30.11.2018 | 19:14
5306

Елбасы «Жас сарбаз» клубының тәрбиеленушілерімен кездесті

Елбасы «Жас сарбаз» клубының тәрбиеленушілерімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Жас сарбаз» бірлестігі клубтарының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Президент ең алдымен, әскери-патриоттық орталықтағы мұражайдың экспозицияларымен танысып, әскери суретшілердің туындыларын тамашалады. Оның қатарында «Орбұлақ шайқасы» реконструкциясы мен 3 Д мэппинг-шоу технологиясын пайдалану арқылы жасалған бірегей көрме бар.

Айта кету керек, «Жас сарбаз» республикалық қозғалысы елімізде алғаш құрылып отыр. Кездесу барысында жас сарбаздар Елбасыға Отанымыздың адал әрі білімді азаматы болуға, мәңгілік ел мұратын сақтауға әзір екендеріне уәде берді.  

«Аса қадірменді Елбасы! Мен, Әмір Махмет – №4-ші негізгі мектебінің оқушысымын. Әскері мықты елді жау алмас деген атам қазақ. Сондықтан да жас сарбаз бала мықты да білімді болуы шарт. Бүгін осы тұста сіздің назарыңызға жас сарбаздың «Күш білекте емес, жүректе» атты көрсетілім өзіңізге ұсынуға рұқсат етіңіз!», – деп жас сарбаз Елбасы алдында өз өнерін көрсетті.

Мемлекет басшысы жас өрендерге тәуелсіздік ұғымының мән-маңызын айшықтап берді. Оны көздің қарашығындай қорғау – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін жеткізді. «Жас сарбаз» қозғалыстары еліміздің барлық өңірлерінде құрылмақ. Ұлтжанды азаматтарды Қорғаныс министрлігімен бірлесе тәрбиелеуде аталған ұйымның үлесі зор болуы тиіс деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир